NIS Шоқан Уалиханов атындағы мектепті ТМД елдеріндегі LEED көшбасшы мәртебесімен құттықтады

«Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Шоқан Уәлиханов атындағы Алматы мектебінің мұғалімдері және оқушыларын жаңа атаққа ие болуымен құттықтады.

Ұстаздар күні қарсаңында United States Green Building Council штаб-пәтерінен қуанышты жаңалық келді. Американдық жасыл ғимараттар кеңесі алғаш рет ТМД мектебіне экологиялық сертификат берді. LEED (the Leadership in Energy & Environmental Design) энергетика және экологиялық дизайн бойынша көшбасшы мәртебесін Қазақстандық білім беру жүйесінің өкілі – Шоқан Уәлиханов атындағы Алматы мектебі алды.

Экологиялық аттестацияда LEED (The Leadership in Energy & Environmental Design) әлемдегі ең сұранысқа ие рейтингтік жүйе болып табылады, ал сертификаттың өзі ғимарат халықаралық талаптардың көпсатылы бағалауынан өткенін білдіреді, атап айтқанда, аймақ экологиясы, су мен энергияны үнемдеу, көміртегі қалдықтарын азайту, ауа сапасы, жобалаудағы инновациялар, құрылыс материалдары мен құрылыс қоқыстарын қайта пайдалану мүмкіндігі.

Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің директоры Ермек Пайзов пен Шоқан Уалиханов мектебінің директоры Олег Пак алдағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

You may also like...