Виртуалдық мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізілуде

Қазақстан Республикасы жалпы білім беретін мектептерінің 6 сынып оқушыларының назарына!

2021 жылғы 11 қазан мен 24 желтоқсан аралығында Виртуалды мектепке қатысушыларды тіркеу жүргізіледі. Тіркеу http://vs.nis.edu.kz/ сайтында  жүзеге асады.

Жобаның мақсаты – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің
7 сыныптарында білім алу үшін конкурстық іріктеуге дайындық бойынша 6 сынып оқушыларына арналған тегін алаң құру.

Виртуалды мектеп «Математика», «Қазақ тілі», «Орыс тілі», «Ағылшын тілі» пәндері бойынша оқудан өтуге, өткен тақырыптарды бекітуге арналған тапсырмаларды орындауға және онлайн форматында қашықтықтан қорытынды тест тапсыруға мүмкіндік береді. Қорытынды тестілеу бойынша ең жоғары балдың 50 немесе одан жоғары пайызын жинаған оқушылар Зияткерлік мектептер базасында өтетін күндізгі сабақтар және конкурстық іріктеу тестілеуінің бейіндік пәндері бойынша кеңес алуға Каникулярлық мектепке шақырылады.

Виртуалды және Каникулярлық мектептерде оқу оқушыларға Назарбаев Зияткерлік мектебіне түсуге дайындықты бастауға, оқудың тиімділігін арттыруға, қажетті дағдыларын шыңдауға және оқуға ынталарын арттыруға көмектеседі.

Қосымша ақпарат:


Алматы қ., ФМБ
Горный Гигант ы.а., Жамақаева к., 145, Нұрлыбаев к. қиылысытел. +7(727) 3 310 104info@fmalm.nis.edu.kz

You may also like...