Оқушыларымыздың кезекті авторлық құқығы

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 «В» сынып оқушылары Манабаев Жәнібек пен Сиранов Жәңгір 2 авторлық құқық құжаттарына иеленді. 

Зияткер оқушыларымыз «Технотория» зертханасының меңгерушісі Бекзат Әміртайұлының жетекшілігімен «Safe&Sound» және «Exotic Matter» жобалары үшін авторлық құқық куәліктеріне ие болды.


«Қазіргі кезде жастар көшеде өз қауіпсіздігін ұмытып, құлаққапты жиі қолданады. Тәжірибе көрсеткендей, құлаққаптары бар жаяу жүргіншілер  қоғамнан оқшауланып, үйлесімділікті жоғалтады, жай ғана келе жатқан көліктің дауысын естімейтіндігін айтпағанда. Жақындаған көлікті естімей, уақытында жауап бермеген жаяу жүргінші өзіне ғана емес, жүргізушіге де қауіп төндіреді. Бұл мәселені шешу үшін апаттардың алдын алатын құлаққаптағы дыбыс деңгейін төмендететін «Safe&Sound» қосымшасы құрылды. «Exotic Matter» жобасына келер болсақ. Пандемия кезінде миллиондаған адамдар үйде отыруға мәжбүр болды, бұл олардың өнімділігі мен әлеуметтенуін едәуір төмендетіп жіберді. Жоба арқасында қосымшаны пайдаланатын барлық адамдар өздерінің күнделікті әрекеттерін өзгертуге, жаңа іс-шаралар, фильмдер, мәдениеттер туралы білуге ​​және тіпті жаттығулар жасауға мүмкіндігі бар қауымдастық ұсыныстарына қол жеткізе алады. Күннің соңында ең жақсы жазбалар барлық қолданушылар зерттей алатын және қолдана алатын белсенділікке қатысты кеңейтілген тізімге жинақталады. Сонымен қатар, қолданушылар түсініктемелер арқылы өзара әрекеттесе алады.»,-дейді жоба авторлары.  


Оқушыларымызға және олардың жетекшісі Бекзат Әміртайұлына  сәттілік тілейміз, еліміздің даңқын асқақтатар жобаларыңыз көп болсын!

You may also like...