
Мектебіміздің 10-сынып оқушысы Медет Джумадильдаев республикалық ғылыми жобалар сайысында I орын жеңіп алды.
⠀
Конкурсты ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырды.
Шара 9-12 ақпан күндері онлайн форматта өтті.
⠀
Конкурстың қорытынды бөліміне еліміздің барлық аймағынан ең үздік 567 жоба және 750 дарынды оқушы таңдап алынды. Солардың ішінен Медет Джумадильдаев математика пәні бойынша 1-орынға ие болды!
⠀
Медетке қолдау көрсетіп, сайысқа дайындаған математика ғылымдарының докторы, Қазақстан математика мұғалімдері қауымдастығының директоры Макишев Қайрош және информатика пәні мұғалімі-модератор Сұлтан Рамазан Маратұлына алғыс білдіреміз!