Мұғалімдер арасындағы интеллектуалды ойын IQ BATTLE

Педагогтердің кәсіби мерекесі қарсаңында мектебімізде мұғалімдер арасында IQ Battle интеллектуалды ойыны өтті. Шараны педагог-ұйымдастырушы-куратор Балжан Ботабаева ұйымдастырды.

IQ Battle-ға биология, физика, география, тарих, орыс тілі, ағылшын тілі, өзін-өзі тану, дене шынықтыру, өнер, география, шығармашылық топ және кураторлардар құралған  8 команда қатысты. Ойында кино, музыка, география, блиц-сұрақтар және өзге де салаларға қатысты мұғалімдердің білімін жан-жақты сынайтын тапсырмалар болды.

Интеллектуалды ойында ағылшын пәні мұғалімдерінен құралған «Locals» командасы 1-орын, педагог-ұйымдастырушы-кураторлардан тұратын «SmartTeam» тобы 2-орын, географтар мен тарих мұғалімдері 3-орынға ие болды.

You may also like...