«Елбасы Академиясы» сыйлығының иегерлері

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұстазы, математика пәнінен халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы және өзі секілді жеңімпаздарды дайындаушы Хаджимуратов Нұрсұлтан Серғалиұлы «Ел Мақтанышы» сыйлығының иегері атанды. Сонымен қатар, 11 сынып оқушылары, математикадан ең беделді Халықаралық олимпиаданың күміс жүлдегерлері Сатубалдин Таир мен Бектемисов Тамирлан «Ел Үміті» сыйлығымен марапатталды.
Айта кететін жайт, қыркүйек айында өткен додада оқушылармыз қытайлық жасөспірімдерден небәрі 1 ғана ұпай артта қалған еді. Бірақ, бұл біз үшін алтынға бергісіз күміс.

«Елбасы Академиясы» корпоративтік қорының ерекше марапат иелерін және мектебіміздің педагогикалық ұжымын шын жүректен құттықтаймыз!

You may also like...