Мұғалімдер күні

Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар! 

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. 

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған, 

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. 

Мұғалімдер күні –  күз мезгілінің ең бір жарқын мейрамдарының бірі. Бұл мейрам ұлағатты ұстаздардың ерен еңбектерін бағалап, құрмет көрсететін күн. Осы орайда бүгін Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде мұғалімдер күніне арналған «Ұстаз бақыты – шәкіртінде» атта мерекелік кеш өтті. 

Кешке оқушылар, ата-аналар, мұғалімдер және ұстаздарды мерекемен құттықтап келген ақжаулықты апаларыммыз бен ақыл кеңін арқалаған аталарымыз қатысты.  

Таңертеңнен бастап оқушылар мұғалімдерге құрмет көрсетіп, жылы лебіздерін сыйлады. Кеш барысында оқу орнының дамуына үлес қосқан мұғалімдер марапатталып, жаңа мұғалімдер таныстырылды. Кеште  «VIA» ансамблі, халықтық аспаптар ансамблі, хор, брэйк биі үйірмелерінің оқушылары өнер көрсетті. 

Құрметті ұстаздар, Сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат пен шығармашылық табыс тілейміз!

You may also like...