Халықаралық ынтымақтастық

Халықаралық ынтымақтастық аясында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі Қырғызстандағы «Білімқана» мектебінің мұғалімдеріне арнап мастер-класстар өткізді.

Бұл күні мұғалімдер ағылшын, математика, химия, өнер, «Дизайн ойлау», «Тұжырымдамалық ойлау» және «ТРИЗ педагогикасы» шеберлік сабақтарын өткізді.

Сабақтар интерактивті түрде өткізіліп, топтық жұмыстар жүргізілді, шығармашылық тапсырмалар орындалды, кейс-стадтар пайдаланылды және түрлі кешенді мәселелер талқыланды.

Бұл басқа мектептермен халықаралық ынтымақтастықтың соңғы тәжірибесі емес деп үміттенеміз.

You may also like...