Өнерлі зияткер туындылары көрмеге қойылды

 
Алматылық ФМБ NIS оқушысы Фатима Нөкен «Аюсай» визит-орталығында өткен «Іле-Алатауының баурайындағы Наурыз» балалар суреттерінің шығармашылық байқауына қатысып, «Шығармашылық өнімділік» номинациясын жеңіп алды. 11 сынып оқушысының қиялынан туған тың дүниелер көпшіліктің көңілінен шыққаны анық.
Сондай-ақ Абылай Туматов, Аружан Маратқызы, Аружан Ибраева, Сайфудин Мүсілімұлы және Жәния Ерментаева секілді мектебіміздің дарынды зияткерлері аталмыш көрмеге қатысып, өнерімен таң қалдырды.
 
Директордың сыртқы байланыстар жөніндегі орынбасары Алия Хасенеева “Аюсай” визит-орталығының арнайы сертификаты мен естелік сыйлықтарын қатысушыларға табыстады.

You may also like...