Worldskills Almaty чемпионатының жеңімпазы – Эльнур Халметов

Алматылық NIS 11 сынып оқушысы Эльнур Халметов WorldSkills Almaty чемпионатының өңірлік кезеңінде мобильді робототехника санатында 1 орын алды. Енді Эльнур 22-27 қараша аралығында Көкшетау қаласында өтетін WorldSkills Kazakhstan республикалық чемпионатына қатыспақ.

WorldSkills International- халықаралық коммерциялық емес қауымдастық, оның мақсаты бүкіл әлем бойынша кәсіби дайындық пен біліктіліктің мәртебесі мен стандарттарын арттыру, бүкіл әлем бойынша халықаралық жарыстарды өткізу арқылы жұмысшы мамандықтарды дәріптеу болып табылады. Бүгінгі таңда ұйым қызметіне 80 ел қатысуда.

Мобильді робототехника – өнеркәсіптен бастап аэроғарыш саласына дейін, тау-кен ісінен медицинаға дейін түрлі салалардағы міндеттерді шешуге бағытталған қарқынды дамып келе жатқан сала.

You may also like...