Халықаралық қар барысы күні: NIS оқушылары Аюсайда

23 қазан – Халықаралық қар барысының күні. Осыған орай мектебіміздің оқушылары Аюсай визит-орталығында болып қайтты. Шараға Зоология институты, Іле Алатау ұлттық паркі және Аюсай визит-орталығының қонақтары қатысты.

Оқушылар визит-орталығы және Зоология институтының презентациясын тыңдап, сарқырамада экскурсия жасады. Алматылық танымал суретші Санжар Жұбановтың шығармашылығымен танысты. Барыстарға ат қою жарысына белсене қатысып, «фото-тұзақ» құрыға қатысты практикалық тәжірибе жасады.

Фатима Нөкеннің картинасы

10 сынып оқушысы Әсем Қанабек және 12 сынып оқушысы Фатима Нөкен қар барысының суретін бейнеледі. Картиналар Аюсай визит-орталығындағы көрмеге қойылды.

You may also like...