Қазақ поэзиясының ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдық мерейтойына орай «Кіл мықтыда кім мықты?» танымдық-зияткерлік ойыны өтті.
⠀
Сайысты Алматы қаласы химия-биология бағытындағы NIS ұйымдастырды. Мектебіміздің 10В сынып оқушысы Ерасыл Барбосын 1-орынды жеңіп алды.
⠀
Ойынға Тараз қаласы ФМБ, Алматы ФМБ және Алматы ХББ Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары қатысты. Сайыс «Сұрақтар салоны», «Өлең жолдарын тап», «Суырыпсалма шешендік» атты 3 кезеңнен тұрды.
⠀
Ерасылды сайысқа дайындаған қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі-модератор Калиева Венера Амангелдиевнаға алғыс айтамыз!