6 сәуірден бастап мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшпек

Биылғы жылдың 6 сәуірінен бастап коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы күрес шараларын күшейту жағдайында барлық мектептер қашықтан оқыту жүйесіне көшпек. Қазіргі уақытта Зияткерлік мектеп әкімшілігі, әдістемелік бірлестік жетекшілері мен мұғалімдер жаңа форматқа көшуге дайындық жұмыстарын бастап кетті. Ата-аналар комитетімен алғашқы онлайн жиналыс өтіп, онда қашықтан оқытуды ұйымдастырудың түрлері мен тәртібі, сондай-ақ оқушыларды бағалау түрлері талқыланды.

You may also like...