ҮЗДІКТЕР АНЫҚТАЛҒАН КҮН!

1-2 наурыз Алматы қаласы «Алтын Қарғалы» шипажайының базасында «Үздік авторлық бағдарлама» атты республикалық конкурс болып өтті. Конкурстың негізгі миссиясы – дарынды мұғалімдерді анықтау және қолдау, олардың одан әрі кәсіби, шығармашылық өсуіне ықпал жасау.

Байқаудың қорытынды кезеңіне білім беру ұйымдарының, Республикалық маңызы бар мектептердің, халықаралық мектептердің, «НЗМ» АҚ өңірлік іріктеу кезеңінің жеңімпаз педагогтары ұсынылды. Әр өңірден 6 мұғалімнен, Назарбаев зияткерлік мектептерінің барлық желісінен 7 педагог іріктелді, оның ішінде біздің мектептен 3 мұғалім қатысқан.

Нәтжесінде, «Ең үздік жыл психологы 2022» конкурсында Беркінбай Рахиля Меңдіғалиқызы 3 орын иеленді мен «Ең үздік авторлық бағдарлама 2022» номинациясы бойынша Кизбаева Бақтыгүл Аскеровна грамотамен марапатталды. Сонымен қатар, Иманбекова Айжан Нурхадилевна қатысушы сертификатына иеленді. Біздің мектептің үздік мұғалімдерін марапаттарымен шын жүректен құттықтаймыз!

You may also like...