«ЖІБЕК-ЖОЛЫ» ОЛИМПИАДАСЫНДА NIS FMN ЖҮЛДЕМЕН ОРАЛДЫ

Алматы қаласындағы NIS FMN оқушылары Халықаралық олимпиададан жүлделі оралды. Жыл сайын халықаралық «Жібек жолы» олимпиадасына Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан, Түркия, Әзірбайжан, Қытай және т. б. елдер қатысып келеді.

Биыл аталған жарысқа NIS FMN Алматыдан 6 оқушы қатысқан. Нәтижесінде, барлық қатысушымыз жүлделі орындарлан көрінді.

  1. Алтын медаль жүлдегерлері  – Таир Сатубалдин мен Әбдіразақ Нұрасыл
  2. Күміс медаль иесі – Ақерке Нұрахметова
  3. Қола медаль жеңімпаздары Альдинаш Сейтенов, Арсен Нәрік пен Әлімжан Тұрдаұлы.  

   Айта кетсек, NIS FMN «Жібек-жолы» олимпиадасында үшінші жыл қатарынан жүлдемен оралуда. 2019-2020 жылдары Таир Сатубалдин I орын алса, сол жылы Әбдіразақ Нұрасыл III-орын иеленген. Ал, былтырғы олимпиадада Әбдіразақ Нұрасыл, Таир Сатубалдин мен Әлімжан Тұрдаұлы қола жүлдегерлері атанған болса, күміс медальді Альдинаш Сейтенов алған.

   Осы ретте, біз олимпиадаға қатысқан оқушылардың жаттықтырушысы Хаджимуратов Нұрсұлтан Серғалиұлына алғысымызды білдіреміз. Сондай-ақ, барлық математика пәнінің мұғалімдерін құттықтаймыз.

Аталған олимпиадаға Қазақстаннан оқушылар 2003 жылдан бері қатысып келеді. Биылғы жылы елімізден 100-ден астам оқушы қатысты, олардың барлығы «Математика» пәні бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

You may also like...