NIS түлектерінің кездесуі өтті

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде түлектер бас қосып, кездесу өткізді. Шараға NIS дамыту қорының директоры Назипа Аюбаева, EdCrunch халықаралық конференциясының негізін қалаушы, МИСиС ұлттық университетінің онлайн оқыту жөніндегі директоры Нұрлан Қиясов, Alumni NIS қоғамдық бірлестігінің вице-президенті Ален Ақылбеков және мектеп түлектері қатысты.


Форум барысында Нұрлан Қиясов өз тәжірибесіне сүйене отырып, эндаумент қорлары, фандрайзинг және түлектер қоғамын дамытуға қатысты ойларымен бөлісті. Ал Назипа Алтынбековна түлектерге NIS амбассадоры ретінде мектеппен тығыз байланыста болуға шақырды.



Айта кету керек, мектебіміздің директоры Ермек Серікұлы NIS ALUMNI бірлестік кеңесінің мүшесі.

Алматыдағы бас қосу мектеп пен түлектер арасындағы байланысты одан әрі күшейтіп, тың идеялардың тууына сепші болды.

You may also like...