
⠀
Алматы қаласындағы “физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі” филиалы келесі бос лауазымдарға педагог қызметкерлердің бос лауазымдарына конкурстық іріктеу жариялайды:
⠀
1) Математика пәні мұғалімі;
2) Физика пәні мұғалімі;
3) Информатика пәні мұғалімі;
4) Экономика пәні мұғалімі.
⠀
Үміткерлерге 2021 жылғы 29 қазанға дейін http://career.nis.edu.kz сайтына тіркеліп, түйіндемені сайтқа жүктеу қажет. Сондай-ақ: yesbergenova_g@fmalm.nis.edu.kz электронды поштасына жолдау керек.
⠀
Педагог қызметкерлердің бос лауазымдарына орналасуға конкурстық іріктеуді өткізу 2021 жылғы 1 қарашада сағат 10.00-де өтеді. Тіркеу сағат 9.00-ден 9.45-ке дейін. Кандидаттың өзімен бірге жеке куәлігі болуы тиіс. Тіркеу орталықтандырылған түрде жергілікті уақыт бойынша 9:45-те жабылады, кандидаттарды көрсетілген уақыттан кейін кіргізуге жол берілмейді.
⠀
Іріктеу кезеңі тестілеу және онлайн эссе жазудан тұрады. Онлайн тестілеу нәтижелері бойынша үміткерлер әңгімелесуге шақырылатын болады.
⠀
Кандидат мектеп аумағында және ғимаратында жүріп-тұру кезінде, сондай-ақ тестілеуге тіркелу кезінде:
- Маска режимін сақтауға және басқа кандидаттармен кемінде 1 метр қашықтықты сақтауға мәндетті;
- Байланыссыз термометриядан өтуі тиіс.
- Мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялық төсенішпен зарарсыздандыру керек.
⠀
Барлық үміткерлерді келесі мекен-жай бойынша күтеміз: Алматы қаласы, Жамақаев көшесі 45, Таулы қырат. Ұялы телефон: +7 701 751 9592.