Физика пәні мұғалімдері екі авторлық құқыққа ие болды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің физика пәні мұғалімдері Бақтыгүл Кизбаева және Әсем Кизбаева бірігіп қатарынан екі авторлық құқыққа ие болды. Бір салада бірге қызмет атқаратын анасы Бақтыгүл мен қызы Әсем әр авторлық жобаға бір жыл уақытын бөліп, тынбай жұмыс істеген.

Бірінші авторлық құқық “Эксперименттік физика -7 сынып” Элективті курс бағдарламасын әзірлегені үшін берілді. Элективті курс бағдарламасы эксперименттік жұмыстарды орындау кезінде оқушылардың зерттеу дағдыларын дамытуға бағытталған.

Екінші авторлық құқық 9-сыныптар үшін физика бойынша зертханалық жұмысқа арналған дәптерді әзірлеуге арналды. Зертханалық жұмыстардың жұмыс дәптері оқушылардың мақсат қоюдағы, гипотеза ұсынудағы, гипотезаның қысқаша теориялық негіздемесін сипаттаудағы, эксперимент жүргізудегі, алынған деректерді талдаудағы және экспериментті жақсарту тәсілдерін ұсынудағы дербестігін көздейді.

Әр жұмысқа арналған бағалау критерийлері мен дескрипторлар мұғалімнің жұмысты бағалау процессін жеңілдетеді.

Қазіргі уақытта физика мұғалімдері Бақтыгүл Аскеровна және Әсем Булатовна элективті бағдарлама мен жұмыс дәптерін сынақтан өткізуде.

You may also like...