Азия-Тынық мұхит олимпиадасындағы NIS-тің жаңа жеңістері

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тоғыз оқушысы XXXIII Азия-Тынық мұхит математикалық олимпиадасында үздіктер қатарынан көрінді.

Ең көп медальдар топтамасын дәстүр бойынша Алматыдағы физика-математика бағытындағы Зияткерлік мектеп оқушылары иеленді. Нұрасыл Әбдіразақ пен Альдинаш Сейтеновтың жеке топтамалары күміс медальмен, Тамерлан Бектемісов, Арсен Нәрік, Таир Сатубалдиндікі – қола медальмен толықты.

XXXIII Азия-Тынық мұхиты олимпиадасына қырыққа жуық елдің болашағы зор жас математиктері қатысты: Австралия, Канада, Индонезия, Корея, Малайзия, Мексика, Жаңа Зеландия, Филиппин, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Тайвань, АҚШ, Түркия, Жапония және т.б.

You may also like...