Жібек жолының үздік математиктері NIS-те оқиды

Наурыз мерекесі қарсаңында Жібек жолы дарынды математиктерінің есімдері аталды, олардың қатарында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің жеті оқушысы бар.

«Жібек жолы» халықаралық математикалық олимпиадасына Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан, Қытай, Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түркменстан секілді елдер қатысты.

Күміс жүлдегерлер үштігінде – Алматыдағы физика-математика бағытындағы NIS-тен Асылбек Олжабаев пен Альдинаш Сейтенов,

Жібек жолының қола медалін Алматыдағы ФМБ мектептің дарынды оқушылары Таир Сатубалдин, Тамирлан Бектемисов, Нұрасыл Әбдіразақ, Арсен Нәрік, Әлімжан Тұрдалы бастаған бестік еншіледі.

You may also like...