РОБОТОТЕХНИКА БОЙЫНША ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ VEX 2022

Қазақстан құрамасының тарихында алғаш рет (2015 жылдан бастап) 1737d Steel Phoenix командасы, яғни Алматы ФМБ НЗМ оқушылары Көксал Иманәлі, Байсарт Тамерлан, Нұрғали Ғазиз және Құдайберген Марғұлан Техаста өткенVex 2022 робототехника бойынша әлем чемпионатындағы дивизионда  жүлдегер атанды.

Робот техникасы бойынша қазақстандық команда тарихта тұңғыш рет Америка Құрама Штаттарында Даллас қаласында өткен робот техникасы бойынша дүниежүзілік жарыстарда күміс медаль жеңіп алды.

Біздің оқушылардың қарсыластары Жапония, АҚШ, Қытай және басқа да жетекші елдердің командалары болды. Бірақ біздің команда олардың тәлімгері Томас Лум (Thomas Loome) арқасында керемет нәтиже көрсетті.

Аталған әлемдік деңгейдегі чемпионатта күмісті жеңіп алған команда құрамына НЗМ оқушылары: Көксал Иманәлі, Байсарт Тамерлан, Нұрғали Ғазиз және Құдайберген Марғұлан кіреді.

Сонымен қатар, біздің мектептен қатысқан тағы екі команданың құрамына Қуаныш Ернұр, Нұрахмет Асқар, Саутпек Әсет, Сидорова Лейла кіреді.

Балаларды жеңістерімен құттықтаймыз  және жаңа табыстар тілейміз!

You may also like...