«Поэзия, менімен егіз бе едің?!»

Физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Мұқағали Мақатаевтың туған күніне арналған «Поэзия, менімен егіз бе едің?!» атты әдеби-сазды кеш өтті.

 Тағылымды шарада ақынның өлеңдері оқылды. Сонымен қатар, оқушылар Мұқағали Мақатаевтың сөзіне жазылған таңдамалы әндерді шырқап, жиналған қауымның ыстық ықыласына бөленді.

-Ең бірінші бақытым –Халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбаттырақ алтыннан нарқым менің,- деп жырлаған Мұқағали Мақатаев өлеңдері Хантәңірінің шыңындай биік дер едім. Ал бүгінгі шара – өскелең ұрпақтың поэзияға деген құштарлығын арттыра түспек, – деді кештің ұйымдастырушысы Қайырбек Сабырханов.

Әдеби-сазды шара соңында мұзбалақ ақынның өмірі мен шығармашылығын баяндайтын деректі фильм көрсетілді.

You may also like...