География пәні мұғалімі Мәулен Телеубаев көз жұмды

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі Мәулен Телеубаев көз жұмды.

Мәулен Токдалиевич 2014 жылы Алматыдағы зияткерлік мектеп ашылған күннен бастап қызмет етті. Осы жылдар бойы NIS ДББҰ жүйесінде оқу бағдарламаларын әзірлеу бойынша жобаларға қатысты. Мәулен Телеубаев – 7 сыныпқа арналған география оқулығының авторы. Үнемі өз тәжірибесін зерттеумен айналысып, түрлі конференцияларға қатысып, сөз сөйледі. Әдістемелік мақалалар мен оқу құралдарын жарыққа шығарды.Телеубаев Мәулен әріптестері, басшылық пен оқушылар арасында зор құрметке ие болды.

Орны толмас қазаға ортақтаса отырып, NIS ұжымы атынан Мәулен Телеубаевтың отбасына қайғыра көңіл айтамыз. Оның жарқын бейнесі әріптестерінің жадында, жүрегінде мәңгілік сақталады.

You may also like...