Болашақ инженерлері. Біз Ресей олимпиадаларын бағындырудамыз

Алматы қаласы ФМБ НЗМ оқушысы Кабдыкаиров Ержан бүкілресейлік «Ұлттық технологиялық бастама Олимпиадасы» атты инженерлік оқушылар олимпиадасында «Сымсыз байланыс технологиялары» профилі бойынша жүлдегер атанды. Жарыс 27-30 наурыз аралығында Қазан қаласындағы Иннополис университетінде өтті.
Бұл – күрделі пәнаралық мәселелерді шешуге қабілетті дарынды балаларды анықтап, олардың дағдыларын ары қарай дамытуға мүмкіндік беретін 7-11 сынып оқушыларына арналған инженерлік байқаулардың бірегей форматы. Олимпиада 17 білім беру профильдері: ұшқышсыз транспорт, зияткер энергетика, кіші космонавтика, нейро-/биотехнология және басқа да озық ғылыми салалар бойынша өтті.
«ҰТБ олимпиадасының» іріктеу кезеңіне бірнеше мың оқушы қатысып, олардың 100-ге жуығы ақтық кезеңге қатысуға мүмкіндік алды. Ержан осындай қиын сайыстың соңына дейін жетті. «Осы олимпиадаға біздің 4 адамнан тұратын тобымыз алғаш рет қатысты. Бұл бізге қатысу тәжірибесі ретінде болды. Біз жүлделі орынға ие боламыз деп ойламадық. Инженерлік есептерді, құрылымдардың техникалық мәселелерін шештік. Бұл осынша ауқымды жарыстағы үлкен тәжірибе болды», – деп Ержан өз ойымен бөлісті.
Зияткер оқушыларымызға үлкен жетістіктер мен жарқын жеңістер тілей отырып, әрқашан бір қадамға алда болыңыздар дейміз!

You may also like...