Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары – «RoboLand 2018» фестивалінің жеңімпаздары

Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары бағдарламалау мен инновациялық технологиялардың халықаралық «RoboLand 2018» робототехника фестивалінде жоғары нәтижелерге жетті.

Алматы қаласындағы физика-математика бағытынындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары үш алтын, бір күміс жүлдеге ие болды. Бұл жеңіс шәкірттерге робототехника бойынша осы жылдың тамыз айында Мексикада өтетін First Global Challenge халықаралық олимпиадасына қатысуға жол ашты. Сонымен қатар, Павлодар, Петропавл және Орал қалаларындағы Зияткерлік мектептер оқушылары үшінші орынды иеленді.

Мектебіміздің 8-сынып оқушысы Тамирлан Жармагамбетов: «Осы «RoboLand 2018» жарысына қатысу өте қызықты болды. Робототехника саласындағы білімдерімізді бекітуге мүмкіндік берді. Мен әрқашан қоғамға пайдасы тиетін роботтарды жасауды армандайтынмын», – деп, жарыстан алған әсерлерімен бөлісті.

Биыл фестиваль Қарағанды қаласында төртінші рет өтті. Онда 2000-нан аса қатысушы болды, Қазақстаннан 754, Ресейден 13, Қырғызстаннан 1, Польшадан 3 – барлығы 771 топ қатысты. Жарыс 32 номинация бойынша өтті.

You may also like...