141 түлек түлеп ұшты

Биыл Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 141 түлегі үшін қоңырау үні соңғы рет сылдырлады. Карантиндік талаптарға байланысты, мектеппен қоштасу салтанаты онлайн режимде өтті.

Түлектердің ішінде «Алтын белгіге» үмітті 3 зияткер бар. Ал 8 оқушы үздік аттестат алуға ниеттеніп отыр.

«Өте жылы жағымды естеліктер саны көп. Мен үшін ол асханада берілетін тұшпара және палау, ағылшын сабағында көрген толық метражды мультфильмдер, жиынтық бағалау аяқталған кезде ойналатын мафия ойындары және қоңырау кезінде өткізілетін үстел теннис турлері. Алайда одан да асып түскен маңызды және жылы естеліктер қатарында біздің күнделікті өткен сабақтарымыз бар… Біз Халықаралық локдаун уақытынан сүрінбей өтіп шығып, кетергілерге қарамастан мақсатқа жете алатымызды көрсеттік. Осыған орай мен биылғы түлектерді мақтан тұтамын»,-  деп, Стэнфорд университетінің болашақ студенті, «Алтын белгі» үміткері Дильназ Камалова игі тілегін арнады.

You may also like...