Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Құрметті 2021 жылдың түлектері!

Мектеп ұжымы мен мұғалімдері сіздерді «Соңғы қоңырау» салтанатты мерекесімен құттықтайды!

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі сіздерге 6 жыл бойы тәлім-тәрбие беріп, ой-мақсаттарыңызды айқындауға, толық тұлға боп қалыптасуға көмектесті. Енді 141 талапты түлек алтын ұясынан ұшып, үлкен өмірге аттануға дайын тұр.

Түлектерімізге сәт-сапар тілей отырып, еліміздің өркендеуіне, ғылым мен білімнің дамуына үлкен үлес қосар мықты маман, нағыз патриот болады деп сенеміз!

You may also like...