Тоғызқұмалақ желілік спартакиадасы

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында тоғызқұмалақтан IV желілік спартакадасы басталды. Жарыс 1-3 қараша аралығында онлайн түрде өтеді. Аталған жарыста Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын келесі оқушылар қорғайды:

▫️Мухан Құралай Толыбайқызы (8В сыныбы)
▫️Куандық Нұрсұлтан Бахытжанұлы (10C сыныбы)
▫️Нөкен Рахима Амандыққызы (10C сыныбы)

Ұлттық ойынның жанкүйерлері қарсыластарымен онлайн форматта PlayOK платформасында кездеседі. Додаға Назарбаев Зияткерлік мектептерінен 90 тоғызқұмалақ ойыншысы қатысуда.

Ойын алдында қатысушыларды Назарбаев Зияткерлік мектептері даму департаменті директорының орынбасары Аида Ағаділ құттықтады:

– Тоғызқұмалақ төрт мың жылдық тарихы бар бірегей ұлттық ойын. Ол шығармашылық пен логиканы дамытады, сол себепті де бұл ойын оқушыларымыздың арасында кеңінен танымал. Балалардың тоғызқұмалаққа деген қызығушылықтары жыл сайын артып келеді, ұлттық мәдениетіміз бен дәстүрлерімізді қайта жаңғыртуға арналған жобалар NIS әлеуметтік жобалары қатарында сұранысқа ие.

You may also like...