
Еліміздің барлық Зияткерлік мектептерінен 300-ден астам оқушы төрт бағыт бойынша 264 жоба ұсынады.
⠀
Назарбаев Зияткерлік мектептерінің оқушылары арасында ғылыми жобалардың желілік байқауы 1-6 қараша аралығында қашықтан өтеді.

⠀
Оқушылар «Ғылыми-техникалық прогресс – экономикалық өсудің негізгі буыны ретінде», «Экономикалық және әлеуметтік процесстерді математикалық модельдеу», «Таза табиғи орта – «Қазақстан – 2050» стратегиясын жүзеге асырудың негізі», «Қазақстанның тарихи ескерткіштері мен перспективалық туристік бағдарлар» сияқты төрт бағыт бойынша жарысады.
⠀
Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің намысын 12 оқушы қорғайды.
⠀

Желілік ғылыми жобалар байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлері Республикалық ғылыми жобалар байқауының келесі кезеңіне жолдама алады.