«Туған елге тағзым»: екінші күн

Мектептің жас зерттеушілері экспедицияның екінші күнінде Іле-Алатау ұлттық саябағының құрамындағы Сұлу шатқалында және Түрген сарқырамасында болып қайтты.

Оқушылар Түрген шатқалындағы 7 сарқыраманың бірі, биіктігі 30 метрді құрайтын «Аюлы» сарқырамасына көтеріліп, жасыл шыршалар және шыңдар арасындағы бейнелі көріністі тамашалады. Шатқалдағы шыңдар жер сілкінісі кезінде бөлініп, мұзды кезеңге дейінгі іздері сақталған. “Аюлы” сарқырамасы көпірінен 300 метр биіктікте “Сұлулық көзі” мұзды бұлақты суы бар бұлақ орналасқан.

Түрген су сарқырамасына барар жолда Форель шаруашылығы орын тепкен. Ол жерде экпедицияның жас зерттеушілері балықты аулау процесімен және бахтах (форель) шаруашылығымен жақынырақ танысты.


Оқушылар берілген тапсырмаларды орындап, сарқыраманың қалыптасу тарихын және форель шаруашылында балық мифологиясын зерттеді.

You may also like...