Ғалым Төребаев Гонконгтағы №1 инновациялық университетке грантқа түсті

Бұл – Ғалым Төребаев. 12А сынып оқушысы.
Бір қарағанда қарапайым оқушы сияқты, алайда ол білімі мен еңбегінің арқасында әлемдегі үздік оқу орнына грантқа түсті!

«Өтінішті сайт арқылы бердім. Іріктеу кезеңі қиын болды. Университет өкілімен сұхбаттастым. Университетке тапсыруға достарым және профориентатор Бағжан Бердібайқызы көмектесті» – дейді Ғалым Қайратұлы.

Енді Ғалым Инженерлік бөлімде, Есептеу техникасы мамандығын игереді. Гонконг қытай университеті оқушымыздың оқуы, тұратын жері және өзге де шығындарын толық өтемек. Қысқасы, FULL RIDE. Жылына 21.000$ шәкіртақы төлейді.

Chinese University in Hong Kong, яғни CUHK, QS рейтингі бойынша әлемдегі үздік 43 ЖОО қатарында. Оқу жүйесі білім алып қана қоймай, ғылыми тәжірибе жүргізуге негізделген.

You may also like...