Кітапхана қызметкерлері ұйымдастырған семинар-тренинг

20 сәуір күні ФМБ NIS Алматы кітапханасының ұйымдастыруымен «Қашықтықтан оқуға арналған онлайн-платформалардың оқу материалдарымен жұмыс істеу әдістері» тақырыбында семинар-тренинг өтті.
Вебинарға Алматы қаласының білім бөліміне қарасты Медеу, Түрксіб, Алатау, Әуезов, Алмалы, Жетісу аудандары және Алматы облысының Жамбыл, Кеген аудандары мектептерінің кітапхана қызметкерлері қатысты.
Кітапхана – мектеп жүрегі. Ал білім мекенінің жұмысын қызықты әрі пайдалы етіп жүргізу ең әуелі кітапханашылардың міндеті. Осы тұрғыда ФМБ NIS Алматы кітапхана қызметкерлері қазіргі қашықтықтан оқыту барысында жұмыс жүйесін құру және онлайн-платформаларда жұмыс істеу тәжірибелерімен бөлісті. Оның ішінде виртуалды тақта құрудың кезеңдері, Padlet-пен желілік оқыту, интерактивті және баспа материалдарын жасауға арналған функциялы құрал Wordwall және басқа да онлайн жұмыс істеуге көмектесетін платформалармен практика жүзінде таныстырды.
Ұйымдастырылған шара қатысушылардың қашықтықтан оқыту барысындағы жұмыстарына пайдасын тигізері сөзсіз.

You may also like...