АТА-АНА МЕН ҮМІТКЕР НАЗАРЫНА

Құрметті ата-аналар мен үміткерлер!

Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқуға үміткерлерді конкурстық іріктеу 2020 жылдың 20-21 маусымында өтеді. Коронавирусты инфекцияның (COVID-19) алдын алу бойынша санитарлық және эпидемияға қарсы шаралардың күшейтілуіне байланысты конкурстық іріктеуден өту кезінде келесі ережелерді сақтауды сұраймыз.

Мектеп аумағына тек қана маска киген үміткерлер жіберіледі! (өзіңізбен бірге ауыстыру үшін қосымша маска болу керек).

Дене қызуы жоғары болып (38 және одан жоғары) анықталған үміткерлер термометрия нәтижелері бойынша тестілеу үшін мектеп ғимаратына жіберілмейді.

Үміткер мектеп аумағында және ғимаратында жүргенде, сондай-ақ тестілеуге тіркелу кезінде:

1. басқа үміткерлермен 1 метрден кем емес қашықтықты сақтау және едендік белгілер бойынша қозғалу керек;

2. мектеп ғимаратына кіре берісте аяқ киімнің табанын дезинфекциялау кілемшесінде дезинфекциялау құралымен зарарсыздандыру керек;

3. қолды антисептикпен өңдеу керек;

4. байланыссыз термометрияны өту керек;

5. тұлғаны сәйкестендіру рәсімі үшін масканы шешу (бір рет пайдаланылған маскалар кәдеге жаратуға жатады), үміткердің тұлғасы сәйкестендірілгеннен кейін жаңа маска киіп, қолды антисептикпен қайта өңдеу керек;

6. бір рет пайдаланылған медициналық маскаларды қақпақтары жабық жәшіктерге лақтыру керек.

Өзімен бірге келесі заттар болуы керек:

1. медициналық маска;

2. рұқсат қағазы;

3. қара сиясы бар шарикті қалам (гельді емес);

4.заттаңбасы жоқ бөтелкеде су алуға болады.

Тыйым салынған заттар

Тестілеу кезінде келесі заттардың болуына жол берілмейді:

1.ұялы телефон
2. фото/бейнеқұрылғылар
3. қарындаштар мен өшіргіштер
4. маркерлер
5. калькуляторлар
7. кітаптар
8. сөздіктер
9. сызғыштар
10. сөмке
11. блокноттар
12. сызбалар
13. циркуль
14. тамақ және сусындар (суданбасқа)
15. жазу құрылғылары
16. басқа электрондық құрылғылар (смарт-сағат)

Тыйым салынған заттардың бар-жоғын алдын ала тексеріп, оларды үйде қалдыруыңызды сұраймыз!

Үміткерде тестілеу кезінде тыйым салынған заттар табылған жағдайда үміткер аудиториядан шығарылады және оның тестілеу нәтижелері жойылады.

Тестілеуді өткізу күні мен уақыты (Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша)

20 маусым
I КЕЗЕҢ(ТАҢЕРТЕҢ)
– тіркеу: 08.00-09.30
– нұсқаулық: 09.40-10.00
– тестілеудің басталуы: 10.00
– тестілеудің аяқталуы: 11.30

IIКЕЗЕҢ (ТҮСТЕН КЕЙІН)
– тіркеу: 13.00 – 14.30
– нұсқаулық: 14.40 – 15.00
– тестілеудің басталуы: 15.00
– тестілеудің аяқталуы: 16.30

21 маусым
I КЕЗЕҢ (ТАҢЕРТЕҢ)
– тіркеу: 08.00-09.30
– нұсқаулық: 09.40-10.00
– тестілеудің басталуы: 10.00
– тестілеудің аяқталуы: 12.00

IIКЕЗЕҢ (ТҮСТЕН КЕЙІН)
– тіркеу: 13.00 – 14.30
– нұсқаулық: 14.40 – 15.00
– тестілеудің басталуы: 15.00
– тестілеудің аяқталуы: 17.00

Тіркеуге кешіккен үміткер тестілеуге қатысуға жіберілмейді!

Барлық 20 Назарбаев Зияткерлік мектептер үшін тіркеу Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша сағат 09:31 және 14:31-де жабылады, үміткерлерді аталған уақыттан кейін кіргізуге рұқсат берілмейді.

Құрметті ата-аналар!

Үміткерде COVID-19 симптомдары болған жағдайда (құрғақ жөтел, жоғары дене қызуы, тыныс алу қиындығы, ентігу және т. б.), конкурстық іріктеуге қатыспауыңызды, 103 телефон нөмірі арқылы «жедел жәрдем» шақырып, денсаулық сақтау ұйымдарымен хабарласып, өз-өзіңізді оқшаулауды сұраймыз.

Басқа үміткерлерді тәуекелге ұшыратпауыңызды сұраймыз!

You may also like...