«Репетиторға баруға мүмкіндігі жоқ оқушыларға арнап аштым!»

Физика пәні мұғалімі Абзал Тастанбековтың YouTube платформасында жеке арнасы бар. Оны 2018 жылы 11 сынып оқушыларына көмекші құрал ретінде ашқан. Репетиторға барып оқуға мүмкіндігі жоқ, бірақ физиканы меңгеруге ниетті тәлімгерлерге арналған. Көбінде ҰБТ тақырыптарын қамтитын есептер және лекцияларды түсіреді.

Видеоматериалдың барлығын мұғалім өзі даярлайды. Көрермендерінің қызықтыратын тақырыптарын видеолардың астына жазылған пікірлерден бақылап отырады. Күні бүгінге дейін әр алуан тақырыпта 70 шақты видео-сабақ түсірілген. Абзал Тастанбековтың айтуынша, карантин уақытында олардың көрілімі біршама артқан. Сондай-ақ, мұғалімнің Telegram желісінде де жеке арнасы бар. Ондағы аудиториясымен де есеп шығарады, сауалдарына жауап береді.



▪️YouTube арнасы: Абзал Тастанбеков
▪️Telegram арнасы: @physicakaz

You may also like...