29 мамыр сағат 11:00-де Microsoft Teams платформасында «Егемен Қазақстан» газетінің Басқарма төрағасы, Халықаралық Түркі Академиясының президенті, белгілі ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор Қыдырәлі Дархан Қуандықұлымен онлайн кездесу өтеді.
Шара Білге Тоныкөк ескерткішінің 1300 жылдығына орайластырылған. Жыл сайын мамыр айының 18 жұлдызында елімізде көне түркі жазуы күні аталып өтеді. UNESCO тарапынан 1300 жылдығы белгіленген Тоныкөк ескерткіші – қазақтың мәдени жәдігері екендігі белгілі. Түркі халықтарының атажұрты саналатын Қазақстан үшін бұл күннің қадірі бөлек.
⠀
Оқушылар осы территорияда болған тарихты оқып, қастерлеп, бүгінінен сабақ алып, болашағына болжау жасай алады. Сол тұрғыдан аталмыш шараға қазақ тілі кафедрасы, әлеуметтік гуманитарлық пәндер кафедрасы және «Тоныкөктің 1300 жылдығына арналған көне түркі мәдени жәдігерлері» деп аталатын лингвистикалық тарихи жазғы мектеп қатысушылары қатыса алады