Тәжірибе тарату семинары

Бүгін мектебімізде «Сынып жетекшілерінің мектептегі тәрбие жұмысы жоспарын жасау» тақырыбында қалалық семинар өтті. Шараға мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілері мен критериалды бағалау координаторлары қатысты. 
Назарбаев Зияткерлік мектебінің жаңашыл тәжірбиесін тарату, практикалық ақпараттық орта құру мен кәсіби біліктілікті арттыру мақсатында өткен семинарға 50-ге тарта педагог қатысты. Ұйымдастырушы-кураторлар «Екі апта ауылда», «Wikipedia», «100 кітап» сынды жобалар жайлы баяндама жасады. Жалпы білім беру мектептерінде жүзеге асыруға арналған қадамдық нұсқаулықтармен таныстырды. Сондай-ақ, семинар барысында критериалды бағалау бойынша шағын конференциялар өтті.

 

               

You may also like...