Білім сайысынан жүлделі оралды

 

                

11-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ БЕРДЕШ ДӘУЛЕТ ПЕН 10-СЫНЫП ОҚУШЫСЫ АЛТЫНАЛИ АФРА БІЛІМ САЙЫСЫНАН ЖҮЛДЕЛІ ОРАЛДЫ. ЕКЕУІ ДЕ ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚОЛА МЕДАЛЬ ИЕГЕРІ АТАНДЫ.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!

Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиада 25-29 наурыз аралығында Қызылорда қаласында өтті. Білім додасына еліміздің әр аймағынан 700-ге жуық оқушы қатысты.

Олимпиададаның ашылуында сөз сөйлеген Қызылорда облысының әкімі Қ. Көшербаев «жастардың білімі, біліктілігі мен дағдылары – барша ұлттың ең маңызды әрі қымбат ресурсы» екенін атап өтті. Сондай-ақ ол білім додасына қатысушыларына сәттілік тілеп: «Сіздердің араларыңызда да Абай Құнанбайұлындай ақын-философтар, Қаныш Сәтбаевтай бірегей ғалымдар, Мұхтар Әуезовтей ұлы жазушылар, Билл Гейтс, Илон Маск секілді инноваторлар жүруі әбден мүмкін»,-деді.

Сонымен қатар, оқушыларды ҚР Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева құттықтап, іс-шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті.

You may also like...