Ашық есік күні өтті

Ашық есік күнін Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі жиі өткізеді. Бұл жолы да білім ордасының тыныс-тіршілігімен танысуға шаһар мектептерінен 300-ге жуық бала келді. Қонақтарға арналып түрлі шаралар ұйымдастырылды. Алдымен өрендер мен олардың ата-аналары мектеп ғимаратын аралап көрді.

             

– Жаһандық жаңа үлгіде салынған мектептің материалдық-техникалық базасы мен оқушылардың бос уақытын тиімді өткізуіне жасалған жағдайлар маған ұнады. Осы мектепте оқығым келеді. Келесі жылы міндетті түрде емтихан тапсырып, бағымды сынап көрем,- дейді №112 мектептің 4-сынып оқушысы Әмина Мұхамедғапур.

Әмина сияқты өзге де оқушылар Зияткерлік мектепте оқуға ниетті екендерін жеткізді. Сондай-ақ, бұл күні балалар мектеп оқушыларының ғылыми және шығармашылық жұмыстарының көрмесін де тамашалады. «Екі апта ауылда», «Туған елге тағзым», «100 кітап» «Wikipedia», “TEDx NIS” сынды жобалар жайлы мағлұмат алды. Физика, химия, биология пәндерінің сабақтарына қатысып, алғашқы зертханалық жұмыстарын да жасап көрді. Ал, робототехника кабинеті балалардың бәріне ұнады. 
Іс-шара соңында қатысушылар конкурстық іріктеудің шарттарымен танысып, сондай-ақ емтиханға дайындық туралы толық ақпарат алды.

You may also like...