ОЛИМПИАДА ҮЗДІКТЕРІ

ОЛИМПИАДА ҮЗДІКТЕРІ

Ақтөбеде 15-20 наурыз аралығында өткен жаратылыстану-математикалық бағыттағы пәндер бойынша оқушылардың республикалық олимпиадасы аяқталды. Білім бәйгесіне еліміздің әр аймағынан 832 оқушы қатысты, оның ішінде 83 оқушы беделді халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері – еліміздің ұлттық құрама командасының мүшелері.

Финалға математика, физика, химия, биология, география және информатикадан ең үздік оқушылар өтті.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымынан қатысқан 19 команда «Ең үздік олимпиадалық команда – 2019» атанды. Соның ішінде Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары 2 алтын, 6 күміс, 5 қола медальға қол жеткізді.

 

АЛТЫН МЕДАЛЬ

Қажымұрат Ақназар

Оразалин Әлібек

КҮМІС МЕДАЛЬ

 Олжабаев Асылбек

Мухамедияр Ерасыл

Шайхысламов Алмас

Бейсенбаев Құдайберген

Сатыбалдин Таир

Бектемісов Темірлан

ҚОЛА МЕДАЛЬ

Әбдіразақ Нұрасыл

Нұриддин Сырымхан

Омар Махмұт

Пітебай Ерсұлтан

Чалышкан Селимжан

Құттықтаймыз!

Айта кетейік, олимпиаданың негізгі мақсаты – оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін қажетті жағдайлар жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау, Қазақстан Республикасында білім берудің беделін арттыру.

 

 

 

You may also like...