ТЕТ жобасының үшінші күнінің кейіпкері Дайана Әлібек зерттеу барысында Талхиз шаһарына барып қайтты. 10 сынып оқушысы өзі туып-өскен Талғар өлкесінің тарихын 5 жылдан бері зерделеп жүр. Жетекшісі дүниежүзілік тарих пәні мұғалімі Меруерт Сейлбековамен бірге Талхиз қорғаны, киіз үй, мыс ыдыстар, мүсіндер мен шахмат фигуралары секілді 8 ғасырдан қалған мұралармен танысты.
«Талхиз өңірі сақ дәуірінен бері келе жатыр. Бұл жер Ұлы Жібек жолының нақты нүктесі болатын. «Туған елге тағзым» жобасына дайындық кезінде Талхиз қорғанына барып, сақ дәуіріндегі адамдар өмір сүрген жерді көзбен көргенде қобалжу пайда болды» ,- дейді Дайана.
Дайананың ендігі мақсаты тарихы тереңде жатқан туған өлкесін туристтік аймаққа айналдыру.