Ақ жол қымбатты түлектер!!!

2018 жылдың 16 маусымында Алматы қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің қабырғасында әр түлектің өміріндегі ең маңызды және әсерлі мезетінің бірі – Мектеп бітіру кеші өтті. 
Мақсаты әр түлектің даралығын, таланты мен жетістіктерін ерекше атап өтуге бағытталған кештің ресми бөлігін мектеп директоры Пак О.В. ашты. Сонымен қатар, мектеп әкімшілігі, мұғалімдер, қамқоршылық кеңесінің мүшелері және ата-аналар комитетінің өкілдері құттықтау сөз сөйлеп Түлектерге жүрекжарды лебіздерін білдіріп, «Мектеп бітіру туралы куәлікті» тапсырды.
Кеш өте әсерлі өтті. Балалардың бақытқа толы көздері, ата-аналардың дайындаған флешмобын көріп, мұғалімдерден оқушыларға арнап ұмытылмас әсер сыйлайтын ән шашуын тамашалады. 14 түлек «Алтын белгі», 16 түлек «Үздік аттестат» иегері, 150-ден астам түлек еліміздің және әлемнің үздік университеттеріне грант ұтып алғанын да айта кету керек.
Құрметті Зияткер түлектер, болашақтарың жарқын болсын! Сәт сапар тілейміз!Ақ

You may also like...