Алматы NIS ФМБ – желілік олимпиаданың абсолютті чемпионы

Қуанышты жаңалық! Мектебіміздің оқушылары «Үздік олимпиадалық команда – 2021» атағын иеленді. Оқушылар жаратылыстану-математика және қоғамдық-гуманитарлық бағытта ең мықты екенін дәлелдеді!

19 ақпан мен 3 наурыз аралығында өткен Желілік олимпиадаға Республика бойынша 700-ден астам оқушы қатысты. Білім додасы жалпы 15 пән бойынша болды.

Жарыс нәтижесінде шәкірттеріміз 13 алтын, 9 күміс, 6 қола медаль иеленді.
Маңызды дерек, желілік олимпидада Алматы қ. NIS ФМБ 2015 жылдан бері жаратылыстану-математикалық бағыт бойынша «Үздік олимпиадалық команда» атанып келеді.

Шәкірттерімізді кезекті жеңісмен шын жүректен құттықтаймыз! Зияткер оқушыларымызды олимпиадаға дайындаған барлық ұстаздар қауымына алғыс білдіреміз!

You may also like...