NIS оқушысы EGMO-да Қазақстанның намысын қорғайды

Ақерке Нұрахметова

Алматы ФМБ NIS оқушысы Ақерке Нұрахметова қыздарға арналған Еуропалық математикалық Олимпиадада (EGMO) Қазақстанның намысын қорғайтын болады.⠀ 

EGMO – бұл мектеп жасындағы қыздарға арналған жыл сайын өтетін халықаралық жарыс. 

Олимпиада тарихы 2012 жылдан басталады. Десе де, қысқа уақыт ішінде үлкен танымалдылыққа ие болды. Сайысқа АҚШ, Жапония, Үндістан, Иран, Мексика, Индонезия және өзге де Еуропа елдерінің дарынды оқушылары қатысады.  

Қызықты факт. Қазақстан бұл олимпиадаға 2017 жылдан бері қатысып келеді және үш жыл ішінде еліміз 2 алтын, 3 күміс, 5 қола медаль жеңіп алды. 

Ақерке Нұрахметованы құттықтай отырып, Халықаралық жарыста сәттілік тілейміз! 

You may also like...