“Квантум” ойыны НЗМда

19/03/2018 Алматы қаласында физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде «Квантум» атты  ойын өтті. Ойынға Алматы қаласының мектептерінен 30 команда қатысты.

«Квантум» командалық зияткерлік ойын, онда ойыншылар бір уақытта 1 минут ішінде қойылған сұрақтарға жауап береді.

Ойында әртүрлі пәндер бойынша сұрақтар, қарапайымнан күрделіге дейін өзгереді. Сұрақтар мен жауаптарда суреттер, бейне және аудио материалдар болуы мүмкін.

3 тоқсан ішінде окушылармен зияткер ойын өткізілді, бұл ойын соңғы мектеп күніне орайластырылды. «Tamos Education», «РФММ», «Жас Ұлан»,  №165 лицей сияқты қалалық мектептерден командалар қатысты.

Ойын қарқынды және қызықты өтті. Алматыдағы НЗМ ФМБ оқушылар әртүрлі білімдердің, талғампаздықтың, шеберліктің әр түрлілігін дәлелдеді және бірінші орынды иеленді.

Осы ойынды ұйымдастыруға ат салыскан Игорь Пятов пен Аскарға үлкен алғысымызды білдіреміз.

You may also like...