Атырау мектеп директорлары NIS төрінде

Атырау қаласының жалпы білім беретін орта мектеп директорлары Алматыдағы NIS-те қонақта болды.

«Білім берудегі менеджмент: мектеп қызметін басқару» басқарушыларға арналған кадрлық резерв бағдарламасы аясында Атырау қаласының 22 мектеп директоры Алматыдағы Назарбаев Зияткерлік мектебіне келді. Шараның басты мақсаты зияткерлік мектептердегі оқу үрдісінің ерекшеліктерімен таныстыру, бағдарлама бойынша дайындық нәтижесінде алынған кәсіби білім мен дағдыларды тәжірибе жүзінде бекіту.

Бағдарлама кампус турдан бастау алып, мектептің психологиялық қызметінің ұйымдастырулы жөніндегі педагог-психолог Сандуғаш Жакамбаеваның баяндамасымен жалғасты. Кейін кәсіптік бағдарлау мектеп табысының критериі, жоспарлау және оқу процесін ұйымдастыру, оқыту сапасын бақылау, NIS педагогикалық қызметкелерінің атттестациядан өткізу ерекшелігі тақырыптары сөз болды. Кадрлық резерв бағдарламасы 3 күнге жоспарланып отыр.

You may also like...