
Алматы қаласы, физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12 сынып оқушысы Дильназ Камалова Гарвард Университетінде білім алуға ресми шақырту алды. Жоғары оқу орнында мамандықты 2-ші курста таңдау мүмкіндігі берілген. Дильназ mechanical engineering/computer science мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.

⠀
Қаржылық көмек, шәкіртақы жөніндегі толық ақпаратты Гарвард Университеті сәуір айында жолдайтынын айтты.
⠀
Осыған дейін, 2019 жылы Алматы NIS ФМБ түлегі Ақназар Қажымұрат пен Селимжан Чалышкан, 2020 жылы Сұлтанәлі Нұрманұлы Гарвард университетіне оқуға түскен болатын.