«Күлтегін-2018»

2018 жылдың 21-22 сәуірінде Астана қаласында Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық Университетінің қабырғасында еліміздегі ең үлкен студенттік пікірталастардың бірі – «Күлтегін-2018» өтті. Турнирге Қазақстанның және жақын шетелдің үздік университеттерінен 32 команда шақырылды.

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен барған команда студенттер арасындағы жалғыз мектеп командасы болды.

Турнирде келесі қарарлар талқыланды:

* Бұл палата оппозицияның авторитарлық елдерінде популизм стратегиясын қолданған дұрыс деп санайды;

* Бұл палата мемлекет әлеуметтік жанжалдардың алдын алу және оларды жеңу үшін жалған тарихи баян жасауы керек деп санайды;

* Амбиция – бұл белгілі бір мақсаттарға жету арқылы өз артықшылығын дәлелдеу үшін көрсетілген ойдың деформациясы. Бұл палата әлемді амбициясыз көреді.

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінен барған команда көптеген командаларды басып озып, жартылай финалға шықты. Бірінші орынды Назарбаев Университетінен келген команда иеленді.

You may also like...