«Наурыз – думан, наурыз – той»

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде Ұлыстың Ұлы күні — жайма шуақ Наурыз мерекесі нақышымен тойланды. Ежелден келе жатқан көктем мезгілінде тойланатын бұл мереке ырыстың, береке мен молшылықтың, бірліктің, бейбітшілік пен көктемгі жаңғырудың мерекесі, ол әрбір қазақстандық үшін қымбат. Қоғамда бейбітшілікті, келісімді, достықты нығайтуда оның атқарар рөлі ерекше.

Мерекеде мұғалімдер мен ата-аналараға арнап мектеп оқушылары сахналық қойылым қойып, халық әндерін орындап, өнерлерін паш етті. Сонымен қатар, «Қыш илеу», «Hand made» сынды үйірме түрлері келген қонақтарға өз туындыларын ұсынып, шеберлік сабақтарын берді. Ұлыстың Ұлы күнін тойлауға келген жұрт мектептің шаңырақ қауымдастықтарының жуанның жіңішкеріп, жіңішкенің үзілер тұсындағы басты тағам – Наурыз көжеден дәм татып, ризашылықтарын білдіріп жатты.

Мереке аясында асық ату, тоғызқұмалақ, гір көтеру, қол күрестіру т.б. ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.

Мектепте өткізілген бұл іс-шара – Наурыз мейрамының ізгілік мәнін түсіндіру, жалпыадамзаттық құндылықтарды өркендету мен нығайтуға бағытталды.

Табиғат пен адам арасындағы тепе-теңдік, ел мен ел арасындағы ауызбірлік, игілік пен жаңаруды білдіретін мәні зор, тарихы терең әз Наурызымызбен қазақ даласына Жаңа күн, Жаңа жыл келді! Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын, ағайын!

You may also like...