Зияткерлер спорттық сыннан жеңіспен оралды

Бүгінгі таң өзгерек! Назарбаев Зияткерлік мектептері арасында өткен ІІ Желілік Спартакиаданың аймақтық кезеңінен оқушыларымыз жүлделі орындармен оралды. Мектеп абыройын асқақтатқан үздіктерді мектеп ұжымы Алматы теміржол вокзалынан қошеметпен қарсы алды.

 

Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің ұлдар командасы Шымкентте өткен волейбол жарысынан 1 орынды жеңіп, желтоқсанда болатын ақтық сынға жолдама алса, Семейде өткен баскетбол жарысынан 3 орынды қанжығасына байлап қайтты. Сондай-ақ, бірқатар оқушыларымыз арнайы номинациялармен марапатталды.

Желілік Спартакиаданың аймақтық кезеңдері Шымкент, Тараз, Ақтөбе, Қостанай және Орал қалаларында өтті. Спорттық сында еліміздің 600-ден астам зияткері бақ сынасты.

Топ жарған оқушыларымызды құттықтаймыз!

You may also like...