Махаббат Есен зияткерлерді “100 жаңа есім” жобасына қатысуға шақырды

Алматы қаласы физика-математикалық бағыттағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде белгілі журналист, әйгілі теле- және радиожүргізуші, БАҚ-ты қолдау Қорының басшысы Махаббат Есенмен кездесу  өтті. Медиа маман ораторлық өнер тақырыбындағы шеберлік сағатын өткізіп, оқушыларымызға көпшілік алдында сөйлеу мәдениеті, тіл тазалығы, аудиториямен тығыз қарым-қатынас жасаудың қыр-сырын үйретті.

                                                               

Өзінің көптен-көп кәсіби қызметтерінен бөлек, Махаббат Құрмантайқызы бүгінде «100 жаңа есім» жобасының басты ұйымдастырушысы, «Бюро 100» бастамашыл тобының өкілі. Кездесу барысында медиа маман зияткерлерді аталмыш жобаға қатысуға шақырды. Айтуынша, жобаның алдында биыл жаңа мақсаттар тұр. Ұйымдастырушылар тың идеялар, жобалар, таңғаларлық жаңа дүниелерді ойлап тапқан дарынды жастарды іздейді екен.

                                                              

«Мен мұнда біздің болашақ дарынды жастарымызбен кездесуге келдім. Бұл кездейсоқ кездесу емес. Себебі, жобаның былтырғы жеңімпаздарының бірі Иван Крепак дәл осы мектепте білім алған. Жастардың ынтасы мен ықыласы жоғары. Бұл құптарлық жайт. Жаһандық әлемде және өз елі үшін пайдалы істермен айналысу өте жақсы. Осындай дарынды балалармен ой бөлісіп, жақынырақ танысқым келеді» – деді Махаббат Есен.

                                                             

Кездесу соңында медиа маман зияткерлерге сенім білдіріп, жарқын болашақ тіледі.

You may also like...